Бос лауазымға конкурс жариялау 2023-2024 оқу жылы » Шолаққарғалы негізгі мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Шолаққарғалы негізгі мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(708) 627-64-87
Есепші бөлімі:
+7(708) 627-64-87
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бос лауазымға конкурс жариялау 2023-2024 оқу жылы
27
сентябрь
2023

Бос лауазымға конкурс жариялау 2023-2024 оқу жылы

Уақытша бос тұрған ағылшын тілі пәні мұғалімі лауазымына КОНКУРС ЖАРИЯЛАНАДЫ.

«Алматы облысы Жамбыл ауданының білім бөлімінің
« Шолаққарғалы ауылындағы негізі орта мектебі» КММ
КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ:
1. Лауазымдық жалақысы: 190000-250000 тг (еңбек сіңірген жылдарына байланысты)
2. Конкурсты өткізу мерзімі: 03.10.2023жылы сағат 11.00
3. Конкурс өткізілетін орын: «Алматы облысы Жамбыл ауданының білім бөлімінің «Шолаққарғалы ауылындағы негізі орта мектебі» КММ
4. Мекеменің мекен-жайы: Алматы облысы Жамбыл аудан Шолаққарғалы ауылы Достық көшесі 10Б мекен жайында «Алматы облысы Жамбыл ауданының білім бөлімінің «Шолаққарғалы ауылындағы негізі орта мектебі» КММ орналасқан, телефон нөмірі: 87762727676, электрондық пошта: Schol_sholakkargaly@mail.ru
Біліктілік талаптары: тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;
және (немесе) білім беру ұйымының "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының болуы не "педагог – сарапшы" біліктілігінің болуы немесе "педагог – зерттеуші" немесе "педагог – шебер" біліктілігінің болуы.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірушілер хабарландыруда көрсетілген мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) Жеке басын куәландыратын құжат;
3) Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог- сарапшы, зерттеуші, шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда);
10) Тұрақты лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
Құжаттарды қабылдау мерзімі:27.09.2023-03.10.2023 жж аралығы.